Жапония үкіметі толығымен отставкаға кетті

Министрлердің өтінішн премьер-министр қарастырып жатыр. Жуырда үкіметтің жаңа құрамы бекітілуі керек.

Ал отставкаға өтініш берген министрлер түске дейін өз міндеттерін атқарып кетті. Алдын ала болжам бойынша, Жапонияның вице-премьері және қаржы министрі болып Таро Асо, үкіметтің бас хатшысы Ёсихидэ Суга, экономика, сауда және өндіріс министрі болып  Хиросигэ Сэко қалуы мүмкін.

Айта кетейік, аталған ауыс-түйістер либералды-демократиялық партия мен оның көшбасшысы Синдзо Абэнің халық алдындағы беделінің түсіп кетуіне байланысты орын алып отыр.