Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

АҚШ Қазақстандағы су тасқынын әуеден бақылауға көмектеседі

Фото: ТЖМ

Не болды?

АҚШ Қазақстандағы су тасқыны мен еріген қар суын әуеден бақылауға көмектеседі. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынының алдын алу бағдарламасын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Әбдірайымов еріген қар суын әуе арқылы бақылауға маманданған Dynamic Aviation және Airborne Snow Observatories Inc. компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесуге АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері де қатысты.

Вице-министр мен компания өкілдері көктемдегі еріген қар суын әуеден бақылап, су тасқыны қаупін алдын ала болжау мәселесін талқылады. Енді мамандар өзен, көл, су қоймасы туралы дерек жинап, картография материалы мен талдау есебін әзірлеу үшін заманауи авиация технологияларын қолданады.

Су тасқынын алдын ала болжау бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асады. Сынақ кезеңінде мамандар Жабай өзені бассейнін зерттейді, — делінген хабарламада.

Кездесу барысында елімізде су саласының мамандарын даярлау мәселесі де талқыланды.

Контекст

Естеріңізге салайық, биылғы наурызда теміржолдағы 734 нысанға су тасқыны қаупі төнген еді. 

Мақалаға реакция