26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

26 қыркүйек күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетеді.

Қостанай облысында тұман болады, желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да тұман күтіледі.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.