АҚШ билігі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтті

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп бұл жайында Нью-Йоркте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжу Инмен және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен брифинг өткізер бүрын  мәлімдеген

Жаңа санкциялар Солтүстік Кореяның текстиль өнеркәсібі, балық аулау, ақпараттық технологиялар және өңдеу өнеркәсібіне салынған.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс Пхеньян 3 қыркүйекте алтыншы рет ядролық сынақ жасаған соң күшейген. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салуға мәжбүрлеген.

ДереккөзCentralasian.org