ҚР сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматының 24 жастағы Әсет Құралбай екенін растады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, – деп мәлімдеді министрлік.
Қазір қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың тиісті органдарымен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатыр.
СІМ өкілдерінің айтуынша, қаза болған азаматтың жақындарына қажет консулдық көмек көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетіледі.
Еске салайық, бұған дейін Чикаго қаласында 24 жастағы Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін АҚШ құқық қорғау органдары оның қайтыс болғанын анықтады.
Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
