Ақмола облысында балық өнімдерінің сапасына жаңа талаптар қойылды

Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақтың «балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талқыланды. Аталмыш құжатты былтыр бес елдің ғалымдары бірлесіп ұсынған болатын. Мақсат тауар сапасын арттырып, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шынында да балық алып, мұзға төлейтініміз бар. Жаңа ережеде бұған жол жоқ. Мұздатылған балықтың таза салмағы көрсетілуі, әрі балық етінің мұздауы -18 градустан аспауы тиіс. Сонымен қатар, техникалық регламент өндіріс барысы, сақтау, тасымалдау, саудалау  шарттарын да белгілейді. Тіпті, аталмыш құжатта бірқатар балық өнімдерін өңдеу ерекшеліктеріне дейін ескерілген. Мысалы, уылдырықтың алынуы мен пастерленуі екі сағат уақыт аралығында жүзеге асуы тиіс. Балаларға арналған өнімдер де назардан тыс қалмайды.

Балық өнімдерінің қауіпсіздігіне бағытталған құжат ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік нысандарды жаңа талаптарға бейімдеу жұмыстары жұмыстары жүргізілуде.