19 қыркүйек: күн ашық болады

Синоптиктердің болжауынша, тек солтүстік-батыс, орталық және шығыс Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай болып, кей жерлерде жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, облыстарында  желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін.