Головкиннің келесі қарсыласы кім болмақ?

CBS Sports тілшісі Лайло Фитцсиммонс GGG командасының алдағы жоспарларымен бөлісті.

Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетін боксшылар да, Гена жұдырықтасқысы келетін боксшылар да бар.

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы атануы мүмкін екі боксшы бар. Оның бірі – WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие британдық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО). Екіншісі – бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы пуэрто-рикалық Мигель Котто.

«Маған Головкиннің промоутері келесі жекпе-жегі желтоқсан айында өтетінін айтты. Ал Канеломен болатын екінші жекпе-жекті келер жылдың мамыр айына жоспарлап отыр екен. Сондай-ақ Сондерс жекпе-жек үшін қомақты сыйақы сұрауда. Ал Котто жайында «мұны түсіндірудің бір-ақ жолы бар», — деп жазды Лайло Фитцсиммонс.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылы екі жекпе-жек өткізді. 18 наурыз күні АҚШ-та америкалық боксшы Дэниель Джейкобсты жеңсе, кеше мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен тең түсті.

ДереккөзVesti.kz