Геннадий Головкин бокстың короліне айналады — Нұрсұлтан Назарбаев

«Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазақстандықтардың басым бөлігін теледидар алдына жинайды. Бұл өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес — өте танымал адам, жоғары санаттағы боксшы», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл кездесуде отандасымыз Геннадий Головкиннің жеңіске жететіндігіне үміт артатындығын айтты.

«Ол орта салмақта кәсіби бокстың короліне айналып, Мұхамед Әли мен Майк Тайсонмен бір қатарда тұрады деп сенемін. Бұл ол үшін өте маңызды. Оған үлкен табыстар тілейік. Осы уақытта көршілерімізге сапарлайтындығыма қарамастан көремін. Барлығымыз да оған жанкүйер боламыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзInform.kz