Геннадий Головкин Канелоны жеңеді — Дэниэл Джейкобс

«GGG мен Канелоның жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүрмін. Өзім де осы жігіттердің орнында болуды армандадым. Головкиннің соққыларына төтеп беру оңай емес. Канело оның соққыларына шыдай ала ма? Мәселе осыда. Тіпті, шыдағанның өзінде оның бокс алаңына қайта оралуы екіталай. Мен осы ойыма сенімдімін. Бұл жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын. Ол орта салмақта көптен бері жүр.Тәжірибесі бар. Бұл дивизионның соққыларына еті үйренген», — деді Дэниел Джейкобс.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

ДереккөзProsports.kz