14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман болады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік сақталады.