Назарбаев мектебінің шәкірті Адина Базарова «Орал ханшайымы — 2017» атанды

Байқауда «Zhuldyz pro» модельдік агенттігі мен «Мария-xанум» сән үйінің директоры және қазылар алқасының төрайымы Жұлдыз Құспанова ұйымдастырған сұлулық сайысына «Адмирал Нельсон» ЖШС менеджері Эльмира Айтмуxамбетова, xалықаралық конкурстардың жеңімпазы атанып жүрген Эльмира Усаева, балетмейстер Қарлығаш Қадырбекова және өзге де өңірге танымал мамандар мен тұлғалар қазылық етті.

    — Өткен жылы дәл осы конкурста өзім де бақ сынап едім. Сондықтан арулардың дәл қазір қалай қобалжып тұрғандарын өте жақсы түсінемін. Алайда, уайымдайтын және өкінетін еш себеп жоқ екенін айтқым келеді. өйткені барлығы әділ өтеді деп нық сеніммен айта аламын. Тек өздерін жақсы жағынан көрсете білсе болғаны, — деді байқау басында тілшілерге берген сұхбатында «Мисс Уральск-2016» байқауының жеңімпазы атанған Айнұр Шаймарданова.

-Биыл арулардың қазақылығына, сауаттылығына талғамына, ой-өрісіне және өздерін ұстай білуіне баса назар аудардық. Сонымен қатар, қыздардың өзара бақталастық танытпай, тату болуы біз қойған басты шарттардың бірі. Қыздардың өнері мен талантын барынша әділ бағалауға тырыстық,- деді қазылар алқасының төрайымы Жұлдыз Құспанова.

Байқау нәтижесіне туралы айтатын болсақ, «Орал ханшайымы-2017» аталымын Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Адина Базарова жеңіп алды. Өз кезегінде вице мисс атанған арулар да болды. Мысалы, Лиана Руденко — вице мисс, Ақбөбек Қайыржан — екінші вице мисс, Азиза Сағынбаева — үшінші вице мисс атанып, бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.