11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Бүгін түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы мүмкін.

Қостанай облысында найзағай, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей аймақтарында найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.