9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м\с жел соғады.

Маңғыстау, түнде Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 2 гардусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қаупі сақталады.