ЭКСПО туралы кітап жарық көрді

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович қатысты. Олар басылымның бір данасына қолтаңбаларын қалдырды.

«Жаңа кітаптан энергетика қандай бағытта болатындығы туралы ақпарат алуға болады. Энергиясыз ештеңеде болмайды. Ал жасыл энергетика бүгінгі күні әлемдегі болашағы өте зор бағытқа айналды. Кітап ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 3500 данамен жарық көрді. Бұл кітапты шығаруға қазақстандық және шетелдік үздік авторлар, фотографтар тартылды», — деді кітаптың бас редакторы Элдар Агамалов.

Көрме туралы кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық оқырманға арналған.

ДереккөзInform.kz