Бүгін Халықаралық қайырымдылық күні

Халықаралық қайырымдылық күні

5 қыркүйек Халықаралық қайырымдылық күні болып белгіленген. Себебі, 1997 жылдың 5 қыркүйегінде ұзақ мерзімді дертке шалдыққан Калькутталық Тереза ана қайтыс болған. Оның қайырымдылық істері халық арасында танымал еді. Тереза ананың ерен еңбегін ескере отырып, БҰҰ Бас ассамблеясы 5 қыркүйекті Халықаралық қайырымдылық күні деп бекітті.

Үндістанда мұғалімдер күні

Ұстаздар күні әр елде әр түрлі аталып өтіледі. Ал Үндістанда мұғалімдер күні 5 қыркүйекке сәйкес келеді. Атаулы күн философ, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері Сарвепалли Радхакришнанның туған күнімен сәйкес келеді. 1962-1967 жылдары Радхакришнан Үндістан президенті болған.

Египетте инженерия күні

Сонымен қатар, бүгін Мысырда инженерия күні. Дәл осы күні Египеттің электроника және электрик инженерлері институты бөлімі (IEEE) құрылған.