БҰҰ: Босқындар саны 65 миллионға жетті

Өткен жылы орташа есеппен минутына 20 адам өз үйін тастап кеткен, яғни әрбір үш секундта бір адам босқын атанған, деп есептейді БҰҰ сарапшылары.

Босқындардың көпшілігі, нақтырақ айтсақ, бес жарым миллион адам Сириядан шыққан. Бұған қоса, баяндама дайындаушылар Оңтүстік Судандағы жағдайдың шиеленіскеніне назар аударды. Мұнда өткен жылғы әскери жанжалдан 800 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Жақында БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди әлемдік қауымдастықты босқындарды орналастыратын орынды 13 есе көбейтуге шақырды. Оның айтуынша, қазір тағы бір миллионнан астам адамды орналастыру қажет болып тұр.

ДереккөзCentralasian.org