Нәтижесінде 147 миллион 347 мың теңгеге көмек көрсетілген. Одан бөлек, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі өңірдегі қайырымдылықпен айналысатын азаматтардың базасын құрған болатын. Қайырымдылық көмек көрсететін тұлғалардың саны мен көмекке жұмсалатын қаржы көлемі жағынан Ақмола облысы республика бойынша І орында тұр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан және үшінші орында Атырау облысы.
Бүгінде Іскер әйелдер қауымдастығының құрамындағы 200-ден артық әйел азаматы жыл бойы қайырымдылық шараларымен айналысады. Өткен аптада ғана олар облыстың 5 ауданында болып, қайырымдылық автокеруенін өткізді. Ал «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы қайырымдылықпен айналысатын азаматтардың игі істерін көгілдір экран арқылы көпшілікке танытып қана қоймай, қыркүйек айынан бастап жаңа маусымда осы тақырыпқа қатысты бірнеше жобаны да іске қоспақ.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру көзделген. Осы орайда, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қайырымдылықпен айналысып, игі істерімен көзге түскен азаматтарды да «Ақмола облысындағы 100 жаңа есім» жобасына ұсынбақ.