Есіл ауданында ауылды дамытуға 400 млн теңге жұмсалады

Қазірдің өзінде аудандағы ең ірі екі инвестор елді мекендерді абаттандыруға арналған жобаларды әзірлеп қойды. Әрбір қазақстандықтың міндеті – өзінің үйінің, кеңсесінің, кәсібінің аумағында тәртіпті сақтау, ауылды көркейтуге үлесін қосу, — дейді «Ново-Приречное» серіктестігінің жетекшісі Валерий Трюкин. Қазір қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін уақыт келді. Сондықтан,  елді мекендерді абаттандыруды қолға алып, «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға өз үлесімізді қосқымыз келді ,- деп «Заречное» серіктестігінің директоры Уәлихан Әріпов те өз ойын қосты.

Ал, «Ново-Приречное» серіктестігі ағымдығы жылдың соңына дейін Юбилейный селосына газ құбырларының жүйелерін орнатып, оған 160 үйді қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 3 шақырымдай жолды жөндеп, жас мамандарға арналған екі үй тұрғызылмақ. Мұндай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпорын 270 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсауға ниетті.

Бүгінде қос инвестор да облыс әкімімен елді мекендерді әлеуметтік қолдау бойынша меморандумға қол қойған. Аймақ басшысы Мәлік Мырзалин түрлі жобаларды жүзеге асырудағы кәсіпкеркердің жеке бастамаларының тиімділігін көрсетіп жатқанын атап өтті. Себебі, мұндай шаралар тек ауылдың ғана емес, жалпы өңірдің дамуына серпін береді.