Көкшетауда құрлысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Құрылысшыларды төл мерекесiмен құттықтаған аймақ басшысы, Елбасының «тұрғын үй құрылысы елiмiздiң жаңа локомотивi» сөзi құрылысшы мамандығына ерекше серпiн беретiнiн атап өттi. «Өйткенi осы кәсiптiң қыр-сырын меңгерген мамандардың арқасында ғана шаһарларымыздың кiрпiшi қаланып, баспаналар салынып, жол төселiп, ауылдар көркейiп көгалданады»,- дедi ол.

Салтанатты iс-шара барысында М. Мырзалин аймақтың құрылыс саласына едәуiр үлес қосқан мамандарға ведомствалық наградалар мен алғыс хаттар табыстады.

Атап өту керек биыл өңiрде 2 мың пәтер салынып, 256 мың шаршы метр баспана пайдалануға берiлдi. Жыл аяғына дейiн тағы 860 шаршы метр үй тұрғызылады деп жоспарлануда.

Осы жылы сондай-ақ облыс бойынша әлеуметтiк салада 34 нысан пайдалануға берiлмек. Оның iшiнде әсiресе, көкшетаулықтар көп күткен «Неке сарайы» ашылады деп күтiлуде. Мүнымен қоса 900 орындық қазақ мектебi де салынып, келесi жылы оқушыларға есiгiн айқара ашпақ.