АҚШ телеарнасы Астана туралы фильм түсірді

Деректі фильмде Астанадағы «Хан-Шатыр», «Бәйтерек», «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» және жақында ашылған теміржол вокзалы туралы айтылған. «ЭКСПО-2017» көрмесінің нышанына айналған «Нұр Әлем» сферасына да ерекше көңіл бөлінген.
Онда «Астана – ғажайып шаһарлар туралы документалдық фильм түсіруге лайықты қала» делінген.
National Geographic қазіргі заманғы сәулет өнеріне арналған телебағдарламалар ұсынады. Әрбір топтамасында Дубайдағы «Бурдж-Халифа», Куала-Лумпурдегі «Петронас мұнаралары», Еуротуннель секілді ерекше құрылыстар жайлы мәлімет беріледі.
«Біз Қазақстан билігінің көмегімен деректі фильм түсірдік. Онда әлемдегі ең жас астаналардың бірі жайлы шынайы әрі қызықты мағлұмат келтірілген. Қазақстан астанасы бізді тартымды құрылыстары және ауқымды жобаларымен таңғалдырды», дейді телеарна қызметкерлері.