ЭКСПО: 18 тамызда Қыпшақ күндері аталып өтіледі

18 тамыз күні ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеде Мажарстанның Ұлттық Күнін атап өтіледі. Шараны қолдау ретінде сағат 10:00-ден бастап дәстүрлі костюм киіген қыпшақ капитандары және Мажарстан Әскерінің Музыкалық Тобы қыпшақтардың тұрмыс-салтын көрсетіп дәстүрлі әндерін орындайды.

БАҒДАРЛАМА:

10:00 Қыпшақ Капитандары және олардың музыкалық тобы: дәстүрлі халық музыкасы Szolnok AirFirce Band тобының және Мажарстанның Корольдік Әскері орындалуында.

15:00 Құттықтау сөздер

15:30 Орасан зор халық музыкалық қойылым «Мажар жаны» (мажар. Magyar Lélek)

16:15 Иштвана Бенценің келуі, ЭКСПО-дағы салт атты экспедициясының аяқталуы.

Мажарстан павильонындағы Қыпшақ Күндері

—         Мажарстанның тағамдарын татып көру

—         Қолөнер өнімдердің тұсаукесері

—         Дюла Кеньерешидің «Біздің мақтанышымыз, Хургарикум» атты фильмнің көрсетілуі

Аралықтағы бағдарламалар, тұсаукесерлер, көрсетілімдер:

17 тамыз Агнеш Падар ханым, кесте тігуші.

17-20 тамыз Ильдико Дебрецени дизайнер – көрме және тұсаукесер.

18 тамыз Мажарстанның Ұлттық Күні.

Айта кетейік, 20 тамыз Мемлекеттің Негізі Қаланған Күн деп танымал болған, Мажарстанның ең ежелгі ұлттық мерекелерінің біреуі болып табылады. Мажарстанның негізі қаланған күн сондай-ақ Мажарстанның Бірінші Королі Әулие Стефан күні және «жаңа астық күні» деп саналады. Әулие Стефан (мажар. Әулие Иштван Король, шам. 975 — 1038 жылы 15 тамызы) Мажарстанның бірінші король ретінде елін христиандықты қабылдауға келтіріп король және шіркеу биліктерінің институттарын қалыптастырды. Оны 1083 жылы 20 тамызда әулиелер санатына қосқан және осы күн оны есте сақтау күні болып табылады.

Ұйымдастырушылар ЭКСПО көрмесінің қонақтарын С1.3-4 павильонында күтеді.