Талдықорған, National Geographic
©Өңірлік коммуникация қызметі

Фотокөрме көрсетілімдерін өңірлер ішінен бірінші болып Жетісу жерінен бастады. Шараға Облыстық Ішкі саясат пен Туризм басқарма басшылары, «National Geographic Қазақстан» журналының өкілдері мен осы кездесуге арнайы Қытайдан шақыртылған белгілі фотограф Екпін Хасенжан қатысты.

Талдықорған, National Geographic
©Өңірлік коммуникация қызметі

Көрме Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында бір айға жалғасады. Мұнда 128 жылдық тарихы бар суреттердің ішінен ең үздік 50 сурет іріктелініп алынды. Айта кететін болсақ, Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі «Ауған қызы» суретінен бастап, Джейн Гудоллдың таңғажайып кадрлары, Томас Аберкромбидің 1965 жылы түсірілген Мекке көрінісі және «National Geographic» тарихындағы басқа да танымал фототуындылар паш етілді.

Талдықорған, National Geographic
©Өңірлік коммуникация қызметі

«Көрмедегі мақтанышпен айта алатын суреттер өте көп. Соның бірі Эмори Кристоф тірілткен Титаникті 10 000 ваттық жарықпен 4022 метр тереңдікте түсірілген суреті. Бұл сурет барлық ұлы істерге бастау бола білді. Себебі, осы бір тамаша туындыдан кейін Титаник тарихы қайта зерттеліп, әйгілі «Титаник» фильмі түсірілді», – деді “National Geographic” журналының жауапты редакторы Әділханов Мақсат.

Талдықорған, National Geographic
©Өңірлік коммуникация қызметі

Шара соңында «National Geographic Қазақстан» журналының қызметкерлері Алматы облысының ең көрікті жерлеріне экспедицияға аттанады. Олар: Әулие ағаш, Шарын каньондары, Көлсай көлдері, Қайыңды көлі, Торайғыр тауы, Есік қорғаны, Таңбалы мемориялдық кешені секілді тарихи-мәдени орындар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!