Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафоны өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының астаналық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін маңызды әрі бұқаралық спорттық-мәдени шара болмақ.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Жеңілатлетикалық марафонда бірнеше бағыт ұсынылатын болады:

  • EXPO RUN — 2017 метр;
  • Жүгіру — 10 шақырым;
  • Марафон қашықтығы — 42 шақырым 195 метр.

Марафон қаланың басты көшелері бойында өтеді. Спорттық шараға 5000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, оның ішінде 1000 шетелдік пен ШЫҰ-на мүше әр елден 30 кәсіби спортшы бар. Қазақстаннан аталмыш шараға 4000 адам қатыспақ. Бүгінде 500 адам тіркеліп үлгерген, 400-ге жуық адам Қытай азаматтары.  Қазақстандық қатысушылар үшін марафонға қатысу үшін тіркелім 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап келесі сайт бойынша жүзеге асырылуда: www.scomarathon2017.com.

Марафон таңғы сағат 07.30-да  «MEGA SILK WAY» ОСО алдында басталады және сол жерде аяқталады. Марафон қаланың келесі көшелері бойынша өтеді. Айта кетейік, шара өтетін күні бұл көшелер ішінара жабылады. Олар:

Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы Дала көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы-Сығанақ көшесі-Сарыкөл көшесі-А. Байтұрсынов көшесі-Р. Қошқарбаев даңғылы-М. Жұмабаев көшесі-Б. Момышұлы – Абылайхан даңғылы – М. Жұмабаев көшесі – Қошқарбаев көшесі- Тәуелсіздік даңғылы – Сарайшық көшесі – Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы – Ұлы Дала көшесі – Қабанбай Батыр даңғылы – ақтық мәре.

Астана, марафон, ШЫҰ
©astana.gov.kz

Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың маусым айында Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының өкілі марафонның жүгіру жолын (трассасын) сертификаттудан өткізген болатын.