Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірді

«Астанада 12 жыл бұрын екi елге ШЫҰ-ға бақылаушы мәртебесiн беру туралы шешiмге қол қойылды. Бұл елдер – Үндiстан мен Пәкiстан Ислам Республикасы. Бiздiң отырысымыздың маңызы мен тарихи мәнi — бұл елдердiң бiздiң ұйымда (ШЫҰ-агент.ескерт) алғаш рет қатысуында. Осылайша, ұйым кеңеюде. Ендi ШЫҰ жауапкершiлiк аймағы 3 млрд-тан астам адам тұратын аумақты, әлемнiң жалпы iшкi өнiмінiң үштен бiрiн қамтиды. Осылайша, ұйым өзiнiң институционалдық дамуының жаңа кезеңiне «Шанхай сегiздiгi» ретiнде аяқ басты», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бүгiнгi таңда ұйым мүшелерi ШЫҰ маңындағы кейбiр аймақтарда әлемдiк геосаяси шиеленiстiң артуына куә болып отыр.

«Осыған орай, бiздiң кеңесiмiздiң ШЫҰ-ға мүше елдерi мемлекет басшыларының халықаралық терроризмге бiрлесiп қарсы тұру мәлiмдемесiн қабылдауы – уақытылы жасалған қадам», — дедi ҚР Президенті.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Ұйымға бұған дейін алты ел – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеті мүше болып келді. Ал Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия мен Пәкістан ұйымға бақылаушы ел мәрбетесіне ие. ШЫҰ диалогы бойынша әрiптестер – Армения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия мен Шри-Ланка.

ДереккөзBad.kz