Қытайлық студенттер қазақша мультфильм түсірді

Мультфильмнің атауы «Аққұс» деп аталады. Фильмді Қытай коммуникация университетінің (Communication University of China) түлектері дипломдық жұмыстарына түсірген.

Туындының сценарийін Го Зыхао есімді қытай студенті жазған. Ол «Аққұс» арқылы қазіргі кездегі Қытайдағы қазақ жастарының жан-дүниесін көрсетуге тырысқан.

Аталмыш мультфильм 14 минутқа созылады. Мазмұны бойынша мульфильмде жайлаудағы өмір мен ондағы кейіпкерлер арқылы қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Аққұс» мультфильмі 2 миллионнан астам рет қаралған.

ДереккөзKazinform.kz