доллар теңге

ҚР Ұлттық қоры инвестициялық операцияларды АҚШ доллары валютасы бойынша жүзеге асырады.

«2017 жылдың алғашқы тоқсанында 1,3 млрд инвестициялық табыс түскен. Бастапқы деректер бойынша, жартыжылдықта инвестициялық табыс көлемі 2,4 млрд долларға жетті», — делінген хабарламада.

Мамандар жарияланымдағы 784 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық шығындардың қайдан пайда болғанын түсіндірді.

«Ұлттық валюта бағамының АҚШ долларына шаққандағы бағамы өткен жылдың соңынан бастап (333,29) биылғы наурызға дейін (314,79) нығаюы жалпы табысты (шығынды) есептеген кезде бағам айырмасын тудырды. Осы уақыт аралығында теңге валютасындағы активтердің құны өзгерген болатын», — деді мамандар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!