Көкшетауда «Қазақшаңыз қалай?» акциясы өтті

Олар 4 кезеңнен тұратын акцияда сұраққа жауап беріп, жұмбақтың шешуін 3 тілде атады. Сондай-ақ, мақал-мәтелдің жалғасын тауып, жаңылпашты жылдам айта білді.

Акция ұйымдастырушылары, шарада атсалысып, белсенділік көрсетіп жатқан тұрғындарды көріп қуаныштарын жасыра алмады. Сондай-ақ, олар мұндай акцияны жыл сайын өткізетінін айта өтті.

Орталық басшылығы мемлекеттік тілді үйренемін деушілер санының жыл санап өсіп келетінін тілге тиек етті. Мәселен, 2012 жылы тілдерді оқыту орталығы ашылған сәтте 293 тыңдаушы болса, биыл мыңнан астам тыңдаушы тілді меңгеруге ниет еткен. Соның 260-ына мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат та табысталған.