Боксшы Владимир Кличко спорттық мансабын аяқтады

Осылайша 41 жастағы сопртшы 11 қараша белгіленген Энтони Джошуамен қарымта жекпе-жектен бас тартты. Бұл бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтуі керек болатын.

Еске салайық, Кличко мен Джошуа биыл 30 сәуірде жұдырықтасқан еді. 11-раундта украиналық боксшы техникалық нокаутпен жеңілген.

Владимир Кличко кәсіпқой бокста 64 жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның 53-і накаутпен аяқталған. Бес рет жеңіліс тапқан.

ДереккөзVesti.kz