Дональд Трамп Ресейге санкция салу туралы заңға қол қойды

Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге, Иранға және Солтүстік Кореяға санкция салатын заңға қол қойды.

Шілде айында АҚШ Конгресі Ресейге Қырымды басып алып, Украинаның шығысындағы сепаратистерге дем бергені үшін қатаң санкция салу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

Санкция Ресейдің энергетика компанияларының операцияларына шектеу қойды.

Ресей президенті Владимир Путин заң бекітілмей жатып Ресейдегі АҚШ-тың дипломатиялық қызметкерлерін 755 адамға қысқартуға бұйрық берген.

АҚШ Конгресі Ресейге салынып отырған жаңа қатаң санкцияларды Еуропа Одағының өтініші бойынша сәл өзгерткен. ЕО жетекшілері бұл санкциялар Nord Stream мұнай құбыры жобасын салу бойынша Ресеймен ынтымақтасқан Батыс компанияларына кесірін тигізбеу керектігін ескерткен еді.

Жаңа санкцияларға қарсы Иран 1 тамыз күні БҰҰ-на шағымданып, АҚШ-ты «алты ядролық держава арасында жасалған келісімді бұзды» деп айыптаған. Иран парламентінің спикері Әли Лариджани соңғы санкциялар 2015 жылғы ядролық келісім-шартты бұзады деп мәлімдеген.

ДереккөзCentralasian.org