Дональд Трамп пен Владимир Путин жақсы тіл табысты

АҚШ Президенті CBN (Christian Broadcasting Network) телеарнасының негізін салушы Пэт Робертсонға сұхбат берді. Ол өз сөзінде Ресейдің қуатты ядролық держава екенін, сондықтан екі мемлекеттің қандай да бір қарым-қатынас орнатпауының мәні жоғқ екенін айтты.

Дональд Трамп Владимир Путинмен кездесуден соң, Сирияның соғыс жүріп жатқан аудандарында бітім орнату туралы келісімін ең маңызды шешім деп атады.

Осы уақытқа деген АҚШ Сириядағы азаматтық соғыста қарулы оппозицияны, ал Ресей Башар Асад билігін қолдайтын.

Екі ел басшыларының алғашқы кездесуі 7 шілдеде Гамбургте өткен «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті аясында өткен еді. Келіссөз 35 минутқа жоспарланғанымен, екі сағатқа созылған.

ДереккөзCentralasian.org