Елорда әкімі басшыларға қоғамдық көлікпен жүруді міндеттеді

«Астана басшылары, елордалық басшылықтың орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, аптасына бірнеше рет, ал басқарма басшылары, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімдердің басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікке мінуі керек», — деп қадап айтты қала басшысы.

Әсет Исекешев отырыс соңында елордалық ІІД басшысына қала қауіпсіздігін бақылауды, қоғамдық тыныштық пен туристердің қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды.

ДереккөзInform.kz