Қазақстан туристер үшін қауіпсіз қала саналады

Еліміз аталған рейтингте 58-ші орынға тұрақтады.

«Туристік қауіпсіздік көрсеткіші бойынша біз АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерді басып оздық. Бірақ, саяxат пен туризм саласындағы бәсекелестік жағынан Қазақстан Дүниежүзі экономикалық форумының индексінде 81-ші орында тұрмыз», — дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов.

Бүгінде шетелге шығатын туристердің саны 1,2 миллиардқа жеткен. Асқар Баталов туризмді дамыту елімізге қытайлық туристерді көптеп тарту керектігін айтады. Қытай Халық Республикасы халық санының көптігімен ғана емес, сыртқа шығатын туристердің саны жағынан да көш бастап тұр.

ДереккөзInform.kz