Ауа райы: 40-45ºС ыстық сақталады

Өте қатты ыстық ауа температурасы күндіз 33-39º, кей жерлерде 40-45ºС сақталады. Ал республиканың солтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Сондықтан осы өңірлерде қоңыржай жылы ауа-райы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының кей жерлерінде өткінше жаңбыр жаууы мүмкін және ыстықтың әлсіреуі болжанады.

Күндіз 28-29 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Манғыстау, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

ДереккөзKazhydromet.kz