Астанаға жақында кунг-фу жауынгерлері келеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations – жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс. Өйткені шоуға қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.

Астана, кунг-фу
©Baq.kz

Шоу кезінде артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл — ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі.

Айта кетейік, Kungfu revelations Шанхайда өткен «ЭКСПО-2010» көрмесінің визит картасы болған.

Шоу «Астана» концерт залында өтеді. Билеттердің кұны 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады.

ДереккөзBaq.kz