Джеки Чан Астанаға келді (Видео)

Джеки Чанды Астана әкімі Әсет Исекешев пен «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин әуежайдан күтіп алды.

Бүгін актердің қатысуымен Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты болады.

410dc6560366b756ac65ed85bcb2aaf4 Джеки Чан Астанаға келді (Видео)
Фестиваль «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді. Шараның басты ұйымдастырушылары — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Еске сала кетейік, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

 

ДереккөзBaq.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да