Аптаның маңызды оқиғаларына шолу (17-21 шілде)

Түркия 2 мыңға жуық қазақстандыққа елге кіруге тыйым салды

Түркия халықаралық терроризммен күрес барысында бірқатар елдердің террористік ұйымдармен байланысы бар азаматтарына елге кіруге тыйым салды. «Қара тізімде» 1917 қазақстандық бар.

Нұрсұлтан Назарбаев Католикалық Изабелла орденімен марапатталды

Елбасына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті.

15 шілдеден бастап жол ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді?

15 шілдеден бастап жолда жүру ережелері өзгерді. Бірқатар айыппұлдардың мөлшері төмендеді. Бұл туралы baribar.kz сайтынан толық біле аласыздар.

Темірлан Шахманов: Шағын биогаз қондырғысын жасап жатырмыз

«Қазақстанның жас ғалымдары» айдарында жас химик Темірлан Шахманов қонақта болды. 21 жасар жас жігіттің ғылыми жаңалығы туралы сұхбаттан оқып біліңіз.

Тегін берілетін дәрілер саны артты

Қазақстанда халыққа тегін берілетін дәрілік заттардың тізімі толықтырылды. Тізімге 59 түрлі дәрі-дәрмектің атаулары енгізілді.

“Қазақтуризм” ұлттық компаниясы құрылды

Аталған компания еліміздің туристік әлеуетін шетелде ілгерілетумен айналысатын болады.

“Ордабасы” футбол клубы жарты миллиардқа сатылды

Оңтүстік Қазақстандағы «Ордабасы» футбол клубы 500 млн теңгеге сатылды. Алайда, жаңа қожайынның кім екені әлі белгісіз.

Электронды ХҚКО бойынша құжаттар үш сағатта дайын болады

Енді елімізде көптеген қызметтерді үш сағатта алуға болады. Атап айтқанда, азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туғанда куәлік беру, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу секілді құжаттар Е-ХҚКО көмегімен жылдам дайын болады.

Алматыда 1-ші тамыздан бастап жол ақысы 150 теңгеге қымбаттайды

Бұл — қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жасайтындарға белгіленген құн. Ал, «Оңай» картасы бар жолаушылар бәз қалпынша 80 теңгемен қатынайды. Сондай-ақ, метроның да жол жүру құны 80 теңге болып қала бермек.

Жәндіктер шағып алғанда не істеу керек?

Жәндіктер шағып алғанда не істеу керек, шаққан жер ісіп кетпес үшін қандай алғашқы көмек түрлерін көрсету керек, мұндай жағдайда дәрігерге көріну қажет пе деген сауалдарға жауапты «Түсіндірме» айдарынан таба аласыз.

Меруерт Сәрсенова: Дзюдодан Олимпиада шыңын бағындырғым келеді

«Болашақ чемпион» айдарының кейіпкері Меруерт Сәрсенова дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, «Азия балалары» спорттық ойынының жеңімпазы. Жас спортшы қыздың сұхбатын тақырыптағы сілтеме арқылы оқи аласыз.

Елімізде сот отырысы электронды нұсқаға көшуі мүмкін

Енді елімізде сотқа арызды және басқа тергеу амалдары мен бұйрықтарды электронды түрде алуға болады. Бұл туралы бүгін республика судьяларының кеңейтілген отырысында айтылды.

Елбасы қысқа мерзімді демалысқа шықты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Елбасы мұндай демалысты соңғы рет 2017 жылдың 4 қаңтарында алған болатын.

Спиннер: пайдалы ма, зиян ба?

Атағы жер жарып тұрған спиннер атты антистресс ойыншықтың пайдасы мен зиянының аражігін ажыраттық. Оқып, бағасын беріңіз.

Аптадағы жаңалықтар легі осындай болды. Оқымай қалған оқиғалар болса, әрбір тақырыпта көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, жаңалықпен танысып шықсаңыз болады.