«Қазақтуризм» ұлттық компаниясы құрылды

Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстан туризмін шетелге таныстыру болса, екінші миссиясы — туризм арқылы елге инвестиция тарту.

«Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше», — деп түсіндірді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады», — деп қадап айтты ол.

ДереккөзTengrinews.kz