15 шілдеден бастап жол ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді?

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді:

  1. Мас күйінде көлік жүргізген мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылады.

2. Жол белгілері мен ескертпелерін сақтамағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін азайтылды (1 АЕК — 2 269 теңге).

3. Алкогольді ішімдік ішпегенін куәландырудан бас тартқаны үшін жүргізуші куәлігінен 2 жылдың орнына 3 жылға айыру жазасы енгізілді.

Жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін ауыстыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жол ережелері бойынша емтихан тапсыру қажет емес. 

Әскери борышын өтеп жүргендер үшін «D» санатындағы (автобус) көліктерді басқару жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді.

Ішкі істер органы қызметкерлерінің көлікті тоқтатқан кездегі іс-әрекеттерін фото немесе видеоға түсіруге рұқсат берілді.

Ішкі істер органы қызметкері көлікті тоқтатқан соң, тез арада жүргізушіге өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетуге, тоқтату себебін түсіндіруге, радардың мәліметтерін көрсетуге міндеттелді.

Көлікке аэрографиялық сурет салуға рұқсат етілді. 

Енді 21 жасқа толған азаматтар да «Tm» санатындағы көліктерді (трамвай) басқаруға арналған жүргізуші куәлігін ала алады. Бұрын ол 25 жасқа толғандарға ғана берілетін. Сондай-ақ, енді бұл санаттағы көлікті басқаруға тәжірибе талап етілмейтін болды.

Жаяу жүргіншілерге арналған жолдара велосипедпен жүруге тыйым салынды. 

Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік немесе өзге де қызметтік жағдайларда халықаралық, шетелдік жүргізуші куәліктерін қолдануға рұқсат етілді.

Айта кетейік, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер өз күшіне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді. Онда көліктерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне салынатын мемлекеттік баж салығының мөлшері өскені көрсетілген. Сондай-ақ, бірыңғай әріптерден ғана тұратын нөмірлер де шығады.