Электронды ХҚКО бойынша құжаттар үш сағатта дайын болады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ҚР Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы шілде айында басталған еді. Бұрын Астана қаласында ғана жүзеге асырылған бұл жобаны енді Е-ХҚКО бойынша 10 облыс және Алматы қалаларының тұрғындары  да пайдалана алады.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде — «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.

Жаңа жоба басталғаннан бері 462 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 428 — туу туралы куәлік, 17 — қайтыс болуды тіркеу, 17 — соттың шешімі негізінде некені бұзуға қатысты болған.

Бұрынғы стандарттар бойынша, қайтыс болуды тіркеу бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу екі жұмыс күнінде, некені бұзу 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Егер өтініш сағат 17.00-ден кейін берілсе, нәтижесі келесі күні сағат 12.00-ге дейін дайын болады.

ДереккөзInform.kz