Спиннер: пайдалы ма, зиян ба?

Спиннердің тарихы

Ойыншықтың атауы ағылшын тіліндегі «Fidget spinner» сөзінен шыққан. Қазақша аудармасы «Ұшқалақ жыртқыш». Халық оны «саусаққа арналған жаттығу құралы» деп те атайды.

Қазақстанға биыл ғана келген спиннер осыдан 24 жыл бұрын пайда болған. Оны 1993 жылы Кэтрин Хэттингер ойлап тапқан.

Спиннер
©Wylsacom

Спиннердің пайдасы

Атышулы ойыншықтар елімізде рекордтық көрсеткіште сатылды. Соңғы екі айдың өзінде 50 миллион дана спиннер сатылған.

Қоғамда бұл ойыншықты антистресс құралдардың қатарына жатқызып жүр.

Спиннерді медицинада қол-буын аурулары жаттығуына қолданады.

Спиннер, аутизм
©neuronovosti.ru

Аталған ойыншық аутизмді де емдейді. Кей жағдайларда стресстік күйден арылуға да көмектеседі.

Балалардың бойында қалыптасқан жаман әдеттерді жою үшін де спиннер ойыншықтары қолданылады. Қолын аузына салу, сабырсыздық, тырнағын тістеу, қолын қытырлату, заттарды тарсылдатып отыру сияқты пайдасыз әдеттерді тыю үшін антистресс ойыншықпен ойнаған дұрыс.

Спиннердің зияны

Алайда, спиннердің зияны да аз емес. Тіпті, әлемде спиннер ойыншығына тыйым салған елдер де бар. Мысалы, АҚШ-тың Миннесота штатында оқушыларға спиннер ойыншығын қолдануға мүлде болмайды. Педагогикалық кеңесте ұстаздар қауымы балалардың осы ойыншықтың кесірінен оқу үлгерімі төмендеп кеткенін айтқан.

Автралияда аталған ойыншық 10 жасар баланың көзіне зақым келтірген. «Ұшқалақ ойыншықты» абайлап қолданбаса, денсаулыққа үлкен зардап әкелуі мүмкін.

Спиннердің зияны
©YouTube

Психолог мамандардың пікірі де осы жерде екіге бөлінеді. Біреулер бұл ойыншықты әспеттеп, антистресс деп атаса, ендігі бір топ психологтар, керісінше, спиннер баланың психологиясын күйзеліске ұшырататынын айтады.

Спиннердің қандай материалдан жасалғанына мән берген жөн. Ойыншық металдан, пластиктен, ағаштан жасалуы мүмкін. Әсіресе, металдан жасалған спиннерлер аса қауіпті. Айналу процесінде металдың қызып кетуі немесе қолдан шығып кеткенде айналасындағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.