Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

19 маусым күні еліміздің бірнеше өңірінде өрт қаупі басым

Фото: Алматы әкімдігі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында,  Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының  оңтүстігінде,  Ақтөбе облысының оңтүстігінде,  шығысында, Қызылорда облысының  солтүстігінде 35-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтілуде.

Қызылорда, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Мақалаға реакция