Ұлттық қауіпсіздік комитетіне — 25 жыл

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарының ел алдындағы атқарып жүрген еңбектеріне ерекше тоқталды. «Сіздер Отанымыздың тұтастығын қамтамасыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға және халқымыздың тыныштығын сақтауға 25 жылдың ішінде елеулі үлестеріңізді қосып келесіздер.

Сол үшін де ризашылығымды білдіремін. Арнаулы қызметтегі адамдардың барлығы, жалпы құқық қорғау органдарының, әскери оның ішінде, әсіресе, сіздердің орындарыңыз ерекше. Көзге көрінбес майданда еліміз үшін күн-түн демей абыройлы да жауапты жұмыс атқарып келесіздер», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ «Осы жылдар ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Мен оның бәрін білемін. Ұлттық қауіпсіздік орындарына біліктілігі мен даярлығы жоғары адамдар ғана қабылданады. Дайындығы бар, білімі бар, сезімі бар, отансүйгіш жүрегі бар адамдар ғана қабылданады. Оларға алаңсыз әрі адал қызметі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда», — деп отан қорғау жолында жүрген азаматтардың еңбегін атап өтті.

Құттықтау соңы мерекелік концертке ұласты.

ДереккөзJasqazaq.kz