Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді

Бұл бизнестің қоғамның, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардың дамуына ерікті үлесі болып табылады.

Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз отырысында айтылды. Оған облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Мұрат Бақыткерімұлы және кәсіпкерлер палатасының мүшесі Алмагүл Шегеқызы қатысып, биыл 10-шы рет өткізіліп отырған «Парыз» байқауы жайлы баяндама жасады.

Кәсіпорындар облыстың әлеуметтік жағдайын көтеріп қана қоймай, Отанымыздың өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. «Байқауға өтінімдер және лауреаттарды анықтау үш түрлі субъект категориялары (ірі, орта, шағын) анықталады. Олар – «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары» — деді Мұрат Мәдіғұлов. Сонымен қатар Баспасөз конференциясында жыл сайын өткізілетін байқауға 50-ден астам компания қатысатынын айтты.Әр жылдары жеңіске жеткендер бизнес субъектілері қатарында «Алматы қанты», «Нусипов и К» ЖШС, «JTI» компаниялар тобы, «Тамас» ЖШС, «Әділ» ШҚ, «ТК Интеграл» ЖШС, «ТАТЭК» АҚ бар.

«Өткен жылы облысымыздан екі кәсіпорын республикалық конкурстың лауреаттары атанды. Ірі кәсіпорындар арасында екінші орынға «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «ТК Метакон» иеленсе, «Экологияға қосқан» үлесі үшін» — «ТАТЭК» АҚ үшінші орын бұйырды», — деді кәсіпкерлер палатасының, адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Шегеқызы.

Еске салып өтсек, байқауға қатысу үшін кәсіпорындар өтінімі осы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.