19 шілде: Ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Тек республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел екпіні 23 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауады, жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді.

Қарағанды облысында да жел 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін, жекелеген аудандарында таңертең тұман түсіп, күндіз бұршақ жауады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады.

Павлодар облысында да жел күшейіп, күндіз бұршақ жауады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау мен Алматыда өте қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.