Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ЭЦҚ арқылы жүйеге кіру ережесі өзгерді

Фото: Egov.kz

Не болды?

Ұлттық куәландыру орталығының жеке кабинетінде азаматтың дерегін қорғау мақсатында екі факторлы аутентификация іске қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жаңа тәртіп бойынша жүйеге кіру кезінде цифрлық қолтаңба мен кілт құпиясөзінен бөлек қосымша растаудан өту керек.

Растау бір реттік SMS-код арқылы немесе eGov Mobile қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынған код көмегімен жүзеге асады, — деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Компанияның мәліметінше, бұл талаптың Қазақстанда резидент емес тұлғаларға қатысы жоқ. Олардың азаматтардың мобайл базасында тіркелген телефон нөмірі болмайды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері қосымша тексеру механизмі арқылы аккаунттың қауіпсіздігі артып, жеке деректер қорғалатынын айтты.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді газ есептегіш көрсеткішін eGov Mobile арқылы жолдауға болады.

Мақалаға реакция