18 шілде: Бүгін — хот-дог күні

Хот-дог күні мерекесі Америка Құрама штаттарында тойланады. Аталған мерекені ресми түрде 1957 жылы АҚШ Сауда палатасы бекіткен.

АҚШ-та 1994 жылы Ұлттық хот-дог кеңесі құрылған. Бұл ұйым тағамның сапасы, дәмі  және жарнамасымен айналысады.

Ұлттық хот-дог кеңесі жыл сайын дәстүрлі түрде хот-догты сүйіп жейтін тұрғындар арасында жарыс өткізіп тұрады. Жарыстың 4 негізгі ережесі бар:

  • 18 жасқа толмағандарға кетчупсыз хот-дог жеу керек;
  • хот-догты екі қолмен ұстап жеу керек;
  • қолға жұққан дәмдеуішті жумай, саусақтарды жалап тазалау керек;
  • өнімді ешқашан қытай ыдысына салуға болмайды, себебі хот-дог — американдықтардың ұлттық тамағы саналады.