Фастфуд өнімдерінің біз білмейтін 12 құпиясы

Барлық тағамның дәмі бірдей

Барлық фастфуд тағамдарының дәмі бірдей болатынын байқаған шығарсыз? Ендеше оның сыры мынада. Адамдарға ащы, тәтті тағамдар ұнайды. Сол себепті фастфуд жасаушылар өз өнімдерінің барлық адамға ұнағанын қалайды. Сондықтан барлық дәмді біріктіруге тырысады.

Фастфуд

Ет 30 секундта әзірленеді

Бургерлер әп-сәтте әзірленеді. Бургердің құрамындағы ет 30 секундта дайын болады. Себебі ет аспаздың қолына түскенге дейін әбден қатырылып, қуыруға дайын болып тұрады.

Бургер

Фастфуд жеуге жеңіл

Фастфудты ұзақ шайнап отыру қажет емес. Жеуге де, қорытуға да жеңіл. Зерттеулерге сәйкес, дені сау адам тағамды орта есеппен 12 рет шайнауы керек. Ал сіз бургерді 12 рет шайнап көрдіңіз бе? Жылдам дайындалатын тағам жылдам желінеді, демек тез және көп тамақтануға әкеп соғады.

Фастфуд

Түсі тәбетті арттырады

Қызыл, сары түстер фастфудта тегін қолданылмайды. Олар адамның тәбетін оятып, қызықтырып тұрады. Кейде мұны «кетчуп пен қышаның (горчица)» түсі деп те атайды. Бұл дәмдеуіштердің тәбет шақыратыны айтпаса да белгілі.

Фастфуд

Ең басты мақсат – сізге көбірек сату

ФастфудҒалымдар ұсынған нәрседен бас тарту қиын екенін анықтады. Кез келген адам фастфуд алғанда ойлағанынан көбірек алады. Зерттеулерге сүйенсек, тұтынушылардың 85 пайызы «Дәмін көресіз бе?», «Қосып берейін» деген сөздерден бас тарта алмайтын көрінеді. Себебі сатушылар фастфудқа қосымша тағы бірдеңе алуды ұсынады.

Орташа кола ма, әлде үлкені ме?

Сусындар сатылымын арттырудың ең қарапайым тәсілі – әр порцияның көлемін көбейту. Мәселен коланың ең үлкенін ойлап табу. Ал адамдар әр кез орташасына жүгіреді. Шын мәнінде бұл сатылымды арттырудың таптырмас тәсілі.

Кола

Отта жаңа піскен ет — иллюзия

БургерБургердің оттан алынғаны тәбетті арттырады. Бірақ шын мәнінде ол ас үйде отқа қақталмайды. Бұл зауытта мұздатқаннан кейін жасалады. Кейін оған түтіннің иісін сіңіреді.

Салат салауатты өмір салтына негіз болмайды

Салаттың жеңіл тағам екені жиі айтылады. Ал фастфуд мейрамханаларында дайындалған салат шын мәнінде өте калориялы болуы мүмкін.

Салат

Сапасыз кофе

Бағасы төмен мекемелердің басым бөлігі пенопласт стақандарға құйылған кофе ұсынады. Ал пенопластың құрамында химиялық компонент стирол бар. Ол ыстық сұйықтық араласқанда бөлініп, адамның жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қағаз стақандардағы кофені алған жөн.

Кофе

Фастфудтағы жұмыртқа – жай жұмыртқа емес

Таңғы ас немесе жеңіл тамақ ретінде ұсынылатын жұмыртқа құрамында қоспа бар. Ол қоспа глицериннен, диметилполисилоксан және кальций силикатынан тұрады.  Сондықтан жұмыртқаны үйде өзіңіз қуырып жеген жақсы.

Фастфуд

Бөтелкедегі кола мен мейрамханадағы кола екі түрлі

McDonald’s-тан сатып алған коланың бөтелкедегі колалардан тәтті екенін байқаған боларсыздар. Шынында екеуінің дәмі бірдей. Бірақ фирмалық концентраттар мейрамханада сумен араластырылып, газдалатындықтан дәмдірек болады.

Кола

Фастфуд өнімдері ұзақ сақталмайды

ФастфудЕгер түскі асқа фри картобы мен гамбургер жемек болсаңыз оларды тапсырыспен алғызудың қажеті жоқ. Жылдам әзірленетін тағамдар ұзақ сақтауға келмейді. Мәселен фри картоп тек бес минутта дәмді болып, одан кейін дәмін жоғалта бастайды. Сол себепті асханадан сізге жеткенше бар қасиетін жоғалтады.

ДереккөзAdme.ru