Android жүйесінде құпия дабыл батырмасы бары анықталды

Android қолданушылары «panic button» деп аталатын құпия дабыл батырмасын анықтады.

Егер «артқа» батырмасын жылдам төрт рет бассаңыз, аталған режим іске қосылады. Бұл режим қауіпті мобильді қосымшаның жұмысын дереу тоқтатады. Қосымша тоқтағаннан кейін қолданушы басты мәзірге қайта оралады.

Рanic button әзірге сынақтан өткізіліп жатыр. Қазір тек Android 7.1 жүйесінің қолданушылары үшін қолжетімді.

ДереккөзRosbalt.ru