ҚР «Премьер-министрінің» мобильді қосымшасы жарыққа шықты

Google Play дүкенінде «Kazcontent» АҚ жасаған «Қазақстан Премьер-Министрінің» қосымшасы жарық көрді. Енді Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының жиналыстары мен кездесулерін онлайн көрсетілім арқылы көруге болады.

Қосымшада тікелей трансляцияан бөлек  Премьер-Министрдің өмірбаяны, Үкімет мүшелерінің құрылымы мен мемлекеттік органдармен танысуға болады.

Қосымша үш тілде жасалған: қазақша, орысша және ағылшынша. Көлемі 14,93 мб.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.

ДереккөзҚазАқпарат